Бұл бетте «Өнерлі балалар» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.10.2021
0
0
3951
Қанат, Марат екеуі
Қамшы өре алады.
Таңат, Талап екеуі
Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі
Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі
Біледі көп ертегі.
Ахат, Марат екеуі
Ат үйретіп жүреді.
Жанат, Манат екеуі
Киім-кешек тігеді.
Балаларды өнерлі
Есептеп көр, сен енді!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі