Күреңбел – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Күреңбел» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2207
Есiмде
Күреңбел қырлары,
Беймаза жылдарым зырлады.
Ол кезде бозбала ақын едiм,
Бiр сен деп төгiлген жырлары.
Есiмде
сүйдiң сен асылым,
Мен-дағы армансыз тасыдым.
Тағдырдың бейопа сыйы барын,
Нелiктен бiлмедiк ғашығым.
Есiмде
Күреңбел кештерi,
Таулардан самалдың ескенi.
Соңғы рет өзiңмен қоштасарда,
Бұлттардың күркiреп көшкенi.
Есiмде
Күреңбел көктемi,
Аңсатып құстардың жеткенi.
Қайтейiн қинайды жүрегiмдi,
Өмiрдiң өзiңсiз өткенi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері