Ақырғы жол – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақырғы жол» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1164
(аударма)

Қансонарда елесің де
алыс кетіп, қамады-ау мұң.
Сен - оралмас кемесің де,
Мен - бос қалған жағалаумын.
Желкен, қарды бүркендің бе,
Жұтты ма әлде мұз сеңдері?
Жырақтағы шіркеудің де
әлсіз оты тұр сөнгелі.
Қаласа аппақ түз жолын кім –
кетер соның жетегінде.
Жалынды ұқпас мұз көңілдің
сезінерсін, не екенін де...
Қар жамылған жағалаудан
сүйген жүрек үні барсын,
Күртік қарға тағаланған
сол үн сазын ұғынарсың.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері