Өлең, жыр, ақындар

Теңіз ұлы

  • admin
  • 11.09.2024
  • 0
  • 0
  • 208
Алтын жүрек ағатайым баспагер,
Алты қырдан әлдеқашан асқан ер.
Жаздай жарқын өмірінің өрімін
Наздай әсем ызылдырған таспагер.

Нұрпейісов туған болса Үшкөңде,
Дүниеге келдің өзің Үшкөлде.
Ол кездерде тасып жатқан Аралдың
Толқындарын тоқтата алмас еш пенде.

Шапағаты көптен-көпті сол күннің,
Шалқыған шақ шоқтығында толқынның.
Теңізбенен тербетілген жаныңды
Шағаланың шаттығына толтырдың.

Арал сені аялады, өсірді,
Теңіз тұзы шынықтырып пісірді.
Айдынында қанатыңды қомдатып,
Арманыңа қалықтатып ұшырды.

Теңіз сені қазанында қайнатты,
Ғажабында жарылқатып жайлатты.
Арал сені толқынында тулатып,
Бөгенауыл балаларын ойнатты.

Көкше теңіз көкжиекке жалғасып,
Арман қуып Алматыда алға асып.
Көкшетаудың сұлуына жолыққан,
Теңіз ұлы, тебіренген сен ғашық.

Шұға десе Шұға екен-ау сол ару,
Қандай ғажап ғашық жар боп жаралу.
Жойқын шабыт кернегені соншалық,
Жан-жүректе жалын атты жаңару.

Алтын бесік ауылыңды жырладың,
Мінез сырын, сөз киесін жырғадың.
Тұңғыштар мен тұлғаларды таныттың,
Ағалар мен інілерді тыңдадың.

Ойһой дәурен... жағалауың алыстап,
Ой дауасы жаныңды жеп, жаныштап.
Білмегенсің бітуана бұқпаны,
Көрмегенсің заманадан қалыс қап.

Теңіз ұлы, жаның жайсаң телегей,
Жақсылыққа жайып салған өредей.
Іздей берші шағаладай шарқ ұрып,
Жүзе берші айдындағы кемедей...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай

  • 0
  • 0

Бір ғасыр бұрын өткен ақын адам,
Жаның жалын болған ба лапылдаған?!
Иіріміне сезімнің шым батырар,
Найзағайың қандай-ә шатырлаған!

Толық

Бауыржан Момышұлының шөбересі – Нұрсұлтан

  • 0
  • 0

Момышұлы Бауыржан!.. деп дүние,
Балқушы еді батыр-шуақ күйіне.
Ерлігінің ерен жыры таусылмас –
Елі мәңгі айтып жүрер сүйіне.

Толық

Қолда, Құдай, түрік ұлын!

  • 0
  • 0

Қара теңіз шайқалады,
Айтар әні толқын атып.
Ақ теңізім қайталады
Сол бір күйді буырқантып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар