Өлең, жыр, ақындар

25*2=50*1

Алла қосса,
Бірер жылда
Мен де елуге келермін;
Қалың елім,
Сонда сенің алдарыңда
Не дермін?!.

Жиырма бесте қылыш жанып,
Отызда орда бұзғам жоқ
"Қыр асам"-деп, тізем талып
Қырықта шекем қызған жоқ

Бұза берсе орда қалмас,
Мен онсыз да күн көрдім
Қыр аспаған жолда қалмас
Ер жасына тың келдім

Ердің жасын екі еселеп
Жырла жанып, жырлап өш;
Жоқты таптық із кесе кеп:
"Елу- екі жиырма бес"

Бұл теңдіктің қарсы жағы-
Қос жиырма бес-бір елу;
Ыстық қайтты, салқын алда-
Жылықанды бұл Елу;
Бесін жетті, екінті алда-
Орда жолда-кір, Елу;
Еске салам Ұлы Заңды:
Бір туу бар-бір өлу;
Қамшылама сірі жанды-
Елу-жарға тірелу;

Өрім бітіп,алдым-еңіс,
Жан-шағала шарқ ұрад
Көк есекке өлең толы
Ала қоржын артып ап,
Төс айылды, қос айылды
Үзердейін тартып ап,
Үшінші бір жиырма беске
Кетейін бе, тартып-ақ!?.

Тұқымдастар арасында
Салпаңқұлақ-шын дүлдүл;
Сал қиянға, саласың ба-
Жұла тартар бұл құрғыр!

Сол шабысқа көңіл өсіп
Мен де шырқап кетермін
Көк есегім желдей есіп,
Сан белестен өтермін,
Орда бұзам, қырға көшіп-
Өйтпегенде не етермін!..
Ей, Жиырма бес-сен Үшінші;
Туды биік көтергін!
Содан.., сөйтіп..,
Алла қосса..,
Пенсияға жетермін!..






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз тойында

  • 1
  • 0

Таудан құлап төгіліп, саулап қырдан
Жып-жылы леп жаңартып таңды аттырған
Алты ай қыс арқасына батқан ерден
Тіршілік босанып, бір аунап тұрған

Толық

Абай десе...

  • 1
  • 0

Куә болған көшіне сан ғасырдың
Сайын дала, қаншама таңды асырдың
Сөзге берік, сертке мәрт кең кеудеңе
Қаншама сыр, қаншама жан жасырдың

Толық

Айтылатын сөз еді..

  • 0
  • 0

Біздің жақта қыс ұзақ
Сол қыста небір ғажап бар
Соғым-шүйгін, үй-жылы,
Веселятся қазақтар

Толық

Қарап көріңіз