Ленин тірі – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ленин тірі» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 2
  • 7237
Зымырап өмір кемесі
Сермегенде құлашын,
Көсем Ленин денесі
Өлі деп жұрты шуласын,
Деп қана шашқан дақпырт қой
Айтқанда егер турасын.
Өлді ме, көсем тірі ме,
Оның көп айтар расын.
Өмірде өлмес адам бар,
Ол кім! Ленин, ол басшы.
Өлместей ісін қалдырған,
Өлімге қалай қиясын?
Егер де өлді десеңдер
Тарихқа қиянат қыласын
Жалшы табы, жарлы жұрт,
Өлтірді ме мұрасын:
Ленин жолы даңғыл жол
Өлді де кәне, мына ісін?


Пікірлер (2)

Бек

Мкты

Қолии

Зор

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері