Аппақ қыс – Төлеген Айбергенов

Бұл бетте «Аппақ қыс» атты Төлеген Айбергенов жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау-төбе
Киген аппақ сәукеле.
Жатыр іздер жосылған
Рояльдің басылған
Ақ тіліне ұқсап қап…
Ақ қыс – сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем.
Сырласады, сырлассаң,
Қырға асады, қырға ассаң.
Аппақ әуен сықырлап,
Жырлағалы тұр бассаң.
Жанарынан жас бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді.
Оянбасаң мәжбүр ғып
Ашатұғын ұйқыңды,
Құлақ күйін он бұрап.
Төнеді аспан төбемнен.
Аппақ қардан омбылап,
Көктем іздеп келем мен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (6)

Рания

Оңайы жоқ па

Шынар

Төлеген Айбергеновтің «Аппақ қыс» өлеңі — қыс мезгілінің әсемдігін сезіндіретін көркем туынды. Аппақ қыс табиғаты ақ қолғаппен құшақтап тұрғандай әсерлі бейнеленіп, қар мен қыстың әуеніне еліктейтін әдемі поэтикалық тілмен сипатталған. Өлеңде ақ әлемнің таңғажайып сырлары, сұлу табиғат пен адам сезімінің үйлесімі өте әсерлі түрде жеткізіледі. Көркем бейнелер арқылы оқырман қыс мезгілінің тыныштығы мен кереметтігін, табиғаттың ақ сәукелесін тұтас сезінеді, әрі оның ішінде көктемге деген үміт те көрінеді.

Бұл шығарма қазақ поэзиясындағы қыс туралы әдемі өлеңдердің бірі ретінде тартымды және оқырманға рухани ләззат береді. «Аппақ қыс» өлеңінің табиғатты сырлы суреттеуі мен тіл байлығы оқиғалы да әсерлі бейнелер тудырып, оқырманды ойға шомдырады.

Мен бұл өлеңді оқып, қыс мезгілінің ерекшелігі мен табиғат сұлулығын терең сезіндім — ақ қарға тұнған табиғаттың әсемдігі оқырманға ерекше әсер қалдырады.

Аяулым

Жалпы бұл Төлеген Айбергеновтың аппақ қыс атты өлеңі өте тамаша. Бұл өлең қыстың вайыбын сезіндіреді. Мағыналары өте керемет!

Жұлдыз

Бұл өлеңді оқығанда ішкі сезімің қозғалып, бір сәтке ойланып қаласың. Қазіргі өмірдің шындығы, адамның ішкі күйі өте әсерлі жеткізілген. Әсіресе автордың ойды қарапайым сөзбен, бірақ терең мағынамен беруі ұнады — дәл жүрекке жетеді.

Осындай қазақша мағыналы өлеңдер азайып бара жатқан заманда, мұндай туындылар ерекше бағалы. Әр жолында өмірдің шындығы, сезімнің тазалығы байқалады.

Осы автордың басқа өлеңдері