Өлең, жыр, ақындар

Жуас

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 912
Айтам досым жайында:
Момынның ең момыны.
Бiрақ бiздiң ауылда
Бөлек едi орыны.
Қыңырлықты бiлмейтiн,
Бiзбен бiрге ойнайтын.
Ойын сəнi кiрмейтiн,
Онсыз қызық болмайтын.
Егеске де жоқ бала,
Барлығына көнетiн.
Тұр десең де қақпаға,
Барып тұра беретiн.
Доп кетсе егер жыраққа,
Қиястықпен тебiлген,
Өзi əкелер, бiрақ та,
Жан емес ол ерiнген.
Басқаларша санасып,
Есептесiп бақпайтын.
Жоқ нəрсеге таласып,
Қабақ шытып жатпайтын.
Сол қылығын бiледi,
Барлық бала басынып.
Жұмсап өзiн жүредi,
Амалдарын асырып...
Жүрмiз ғой деп қатырып,
Көзiмiзге iлмеппiз.
Сөйтсек, оның қадiрiн
Ешбiрiмiз бiлмеппiз.
Сапарлап ол кеткелi
Ағасының үйiне,
Еш шатақсыз өтпедi,
Ойынымыздың бiрi де.
Тұрғысы жоқ ешкiмнiң,
Доп ойнасақ,
Қақпаға.
Барғысы жоқ ешкiмнiң
Доп алыста жатқанда.
– Сен бар, – десек,
Қырсығып:
– Өзiң бар! – деп ол шықты.
Бетпақтанып құлшынып,
Шетiмiзден зор шықты.
– Бар дегенде, бар деймiн!
– Қышымаса мұрының!..
– Əкiреңдеме, əй, деймiн,
– Үзейiн бе жұлынын.
Сөйте-сөйте басталды,
Арамызда ерегес.
Ешкiм қия баспады,
Iле шықты төбелес.
Керiлдестiк өлгенше,
Қиқарланып ұрыс сап.
Сол досымыз келгенще,
Өтпедi ойын дұрыстап.
Шетiмiзден құр кеуде
Өр көкiрек,
Менменбiз,
Жақсы болды бiлген де,
Бұрын сезбей келгенбiз.
Жуас емес,
Досымыз,
Бiлгiрлiгi мол екен.
Соған жеттi көзiмiз,
Ең мықтымыз –
Сол екен.
Момынның ең момыны
Деген жай бос сөз екен.
Бөлек екен орыны
Берекемiз өзi екен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімнің қатесі?

  • 0
  • 0

– Мына сия көк пе?
– Көк.
– Мына қарындаш көк пе?
– Көк.

Толық

Түйе неге көңілсіз?

  • 0
  • 0

Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.

Толық

Әкем және мен

  • 0
  • 0

Бiздiң үйдiң iшiнде
Хат танитын өзiммiн.
Хисса оқимын кешiнде,
Майын тауысып көзiмнiң.

Толық

Қарап көріңіз