Өлең, жыр, ақындар

Шошыну

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 640
Аурумын!
Алтайым да ауру,
Сарыарқам да ауру,
Қаратауым да ауру,
Алатауым да ауру,
Атырауым да ауру.
Ауру!
Ертiстiң тамырын ұстадым,
Жайықтың тамырын ұстадым,
Сырдарияның тамырын ұстадым,
Тобылдың тамырын ұстадым,
Есiлдiн тамырын ұстадым,
Iленiң тамырын ұстадым, —
Апыр-ай!
Дерттi жанның тамырындай
Соғып тұр! —
Бiрде тартылып,
Бiрде талып тұр.
Сонда да көнбестен
Биiкке өрлеп ем, —
Топан су сарқырап құйылып
Құлатты.
Байқайсың ба,
Аспандағы қара бүлттар
Менi көмiп тастайтын
Күздегi қап-қара
Топырақ сияқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген осы

  • 0
  • 0

Каспийдің
Құмдақ жағалауында
Еңгезердей екі жігіт
Еңгезердей бір жігітті

Толық

Өзімді өзім жеп жатырмын

  • 0
  • 0

Қазақтардың
Бiрiн бiрi жеп жатқанындай
Мен де өзiмдi өзiм
Жеп жатырмын.

Толық

Интернационалдық көкпар

  • 0
  • 0

Қазiр
Алып Қазақстанды
Көкпар қып
Бiрi әрi тартып жатыр,

Толық