Наурыз келді! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Наурыз келді!» атты Темірхан Медетбек жазған мерекеге арналған өлең берілген.

Наурыз келді!
Қара жер семіріп,
Бөгіп жатыр.
Төрт түлік малым
Даламның
Көлдей етегін толтырып,
Төлдерін төгіп жатыр.
Өрісім у-шу болып,
Көңілімді қозғап тұр.

Қошақандарым
Сыбызғыдай ән салып,
Құлыншақтарым
Күміс қоңыраудай жар салып,
Ботақандарым
Иір мойынды қобыздай
Боздап тұр.


Пікірлер (1)

Нур

Наурыз туралы тақпақ, өлеңдер керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері