Таситын əлі толқынмын!
Шалқар көл маған қарайды,
Өңменімнен өтіп кеп
Өтірік мені алдайды,
Толқынын қадап төңірек
Қараңғы күндер сайрайды
Есіме салып есімін
Кеудемде жүрек қайнайды
Көрем-ау бір күн кесірін
Жанымда ұшқын шарпыса
Көнермін көнбей қайтемін
Естімей елдің өсегін
Өзіме ғана сенемін
Ертеңі болар сол көлдің
Мен--ТОЛҚЫН,тасыр өткелмін
Ешкімге есем өтпеген
Мен неге жылап кектенем
Тып-тыныш ағып суалар
Мен-АЛЫП шығар өткелден
Асулар шығып алдымнан
Толқындар мені таптаған
Ешкімге зиян етпеген
Мен-асыл толқын тұқымнан
Мендегі құйын дауылдар
Бір тынып,бірде дамылдар
Жарқылдап бірде көрінем,
Жанымда болса жақындар
Сүймеген жаным жанжалды
Талқандап кетер Цунами
Есіме менің түсерір
Жалғыздықпенен қараңғы үй
Сүйемін жалғыз қалуды
Ұстамай елдің етегін
Сүрсем ғой өмір өзіммен
Лайламай көлдің көлемін
Көңілге кірбің салмастан
Балшықтан қалсам аман-сау
Көңілім менің алмасқан
Көгімнен түсіп ақ жалау
Өмірім менің шатысқан
Шырмалып қалған қара бау
Мендегі қатқан қағида
Жалтақтап артқа қарамау
Етегім толмас жасыма
Қараймын неге жасына
Болса да дүл-дүл алыптар
Еліктеп оған ұқсама
Соқсам да мұздық тауына
Мені олар құрта алмайды
Қанатым сынса қайрылып
Толқындар басқа қолдайды
Түспейді еңсем ешқашан
Қолдаса қазақ көктейді
Болсамда бір күн бақилық
Өлеңім менің өлмейді
Алқынып бірде жұлқынып
Бетінде мұхит қалқыдым
Өлеңін қысып құшаққа
Таситын əлі толқынмын!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі