Тəуелсіздік-тəңірден келген сый!
Қазақстан туған жерім тұрағым шын
Тарихыңның түбі терең шынарымсың
Қанды қол,сынық қанат,қайсар мінез,
Бауырларға жүрегімнен жыр ағылсын
Сан құрлықтың алауы сөніп жанғанынша
Ажалменен қарсы жаның қалғанынша
Алып бердің тəуелсіздік жанталасып
Жүрек тоқтап қасық қаның тамғанынша
Алты алаштың төгілді ғой сонау күші
Азап шекті қыршын кетті сонау кісі
Ағаларым,апаларым желтоқсанда
Тəуелсіздік алып берді он алтысы
Жеңіс күні Құтты болсын бауырларым
Осы күнді армандаған бабаларым
Ел есінде əрқашан қалар мəңгі
Қасиетті бұл күннің сəуле нəрі
Ұмытылмас есімдерің жатталады
Тұлға тұтып ұрпақтарың мақтанады
Қазағымның Қайраттай ұл қыздары
Мəңгілікке ел аузында сақталады
Ей,қазағым ояншы таңың атты
Тəуелсіздік жүректі жалындатты
Бұл біз үшін керемет бастау болды
Ақындарың жыр арнап қалам қақты
Түнек еді даланы түгел басқан
Азаттық кеп нұрлы күн көзін ашқан
Жалындаған жастары жалықпайтын
Бұл керемет ғажайып Қазақстан!
Азаттықты жырлаған талай ақын,
Халқым айтқан жалынды Абай хəкім
Қудаланған шет жерге қорлық көрген
Сейфуллин мен Мағжан жанға жақын
Тəуелсіздік туралы жырлады тек
Өз өмірін өлеңге арнаймын деп
Кінəсізден атылды талай ақын
Тəуелсіздік құрбаны атанды кеп
Мен қазақпын деп айтқан талай адам
Желтоқсанда қырылып болды талқан
Отан үшін отқа да дайын жандар
Тəуелсіздік жолында болды құрбан
Желтоқсанның соқты бүгін ызғары
Сол бір жылдар Отанымды қорлады
Ешбір Алаш ту жықпастан мойымай
Отан үшін үміттері тозбады
Өктемнің сөзін сөйлеп біраз адам
Жалпақтап жан бағуды ойлады арам
ТƏҢІРІм берді бізге азаттықты
Таң қалып таңырқады жарты ғалам
Ата бабам армандаған Азаттық
Армандарың орындалды азат боп
Егемендік тұрақтады елімде
Сірə,маған бұдан асқан бақыт жоқ
Бақытты төгіп берсе нұрдан АЛЛАМ
Қуаныш шаттығыңды жырдан жазам
Мəңгілік тəуелсіздік тұрақтасын
Пайғамбар таңба етіп тайға басқан
Қош келдің Азаттық !Қош келдің қазаққа
Күткен ек біз сені зарығып сол шақта
Бар Алаш жұртына арман ең қол жетпес
Ең ұлы күн болдың таңбалы тарихта
Жасасын бостандық,мəңгілік жасасын!
Батырлар салған жол мен үшін дара шың
Қазақтың көктегі қадірлі байрағын
Биіктен түсірмес көп болсын ұл-қызың
Азайды Қазағымның жастар жағы
Жасқа толған жетім-жесір жанары
Ойран салған қазаққа кеп бір сəтте
Естен кетпес Желтоқсанның ызғары
Қаны судай өзен лек боп тасыған
Мұз боп қатқан желтоқсанда қақаған
Жас жеткіншек кегі қайнап көзінде
Рухын биік қатқан еттей қақтаған.
Мысын басып бодандықтың таптаған
Қанша өкініш жас боп шықты жанардан
Елестетіп көзге сұмдық бейнені
Қолтаңбасын қалдырғандай ЖЕЛТОҚСАН!
Бисмиллəһпен жеткен шыңға еңбектеп
Тұғырыңнан түсірмесін Жаратқан
Өтіп қанша белестерден,өткелден
Ата бабам мың атырап өткерген
Əль-Рахминан тілеп,сұрап азаттық,
Тəуелсіздік келген сыйлық Тəңірден!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі