Өлең, жыр, ақындар

Мендегі өлең...

Талақ беріп қара сөзді тастасам
Тақымымды қыса алмаспын ешқашан
Кітап оқып сөз байлығым шектелмей
Шабытыма жол ашады алды аспан
Мəрмарланған сөз қадірін білу заң
Көрінетін жарқылдаған жұлдыздан
Мендегі өлең тек менікі біліп қой
Ондағы сөз мені жердей қылмаған
Лақап атын иемденіп басқаның
Қара сөзден айтшы қашан аттадым?
Езді ер қып жерден көкке шығарар
Бата берген сөзі қымбат атаның
Есті өлең қара сөз ғой құнары 
Өз өлеңім болған маған жұпарлы
Сыйдырмаған бұл дүниеге жазбасам
Өлең менің өтімді өртеп барады
Жан бітіріп Өлеңіме тірілтем
Өлең сөзі алынады өмірден
Мендегі өлең басқасынан ерекше
Ақынға өлең ет жақыны бəрінен
Мендегі өлең Көкшедеге Жұмбақтас
Қарағанмен назар сап,сырын еш жан саптамас
Мендегі өлең мұнар басын мұңға байлап əкеткен
Алатаудың бөктерінде жатқан қармен аралас
Сəби едім, мен əлі де сəбимен
Өлең менің ойыншығым демеймін
Мендегі өлең сəби сəттің серпіні
Маған қайта бұр мойныңды,кел дейтін
Өлең менің ең көлемді жүгімнен
Бірақ кейде мен өлеңге жүгінем
Алды-артын білмей жатып асыр сап
Мендегі өлең бөбек сынды жүгірген
Мендегі өлең естімейді басқаны
Қара сөзді ту қып биік ұстадым
Қалықтаса аспанымда қыран құс
Өлеңіме өң берумен боламын
Хат жазамын қара сөзге өлеңмен
Өлең маған ең қауқарлы диірмен
Алқаптағы шабытымды жиып ап
Диірменім өңдеп барып иірген
Өлең мені құтқаратын қаһарман
Қорқамын мен өлең жазар қаһардан
Мендегі өлең барлығынан үмітті 
Жарып шығар əлі талай шаһардан
Мен тоқтамай жазармын-ау өлеңді
Шабытымнан айырмаса Жаратқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мода дейді...

  • 0
  • 0

Сылқымдар көп жүрген мода қуалап
Менсінбейді
Мына сылқым айналасын бағалап
Айналайын ұмытпашы келетінін есеп күн

Толық

Əлемде балалар жыламасын (Сириялық, Палестиналық, Мьянмалық(Бирма) балаларға арналған)

  • 0
  • 0

Басқаларға жамандық жасадым ба?
Халім неге өзгерді қас қағымда.
Бейбіт заман төрінде өмір сүріп,
Мақұрым қалдым ата анадан да.

Толық

Таситын əлі толқынмын!

  • 0
  • 0

Шалқар көл маған қарайды
Өңменімнен өтіп кеп
Өтірік мені алдайды
Толқынын қадап төңірек

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер