Мемлекеттік рəміздер-мақтанашым!
Мемлекеттік рәміздер -мақтанышым !
Аппақ түске ораныпты қара бақ
Жапалақтап тұрғаннан соң ақша қар.
Ақтөбенің саябағын аралап,
Немересін қыдыртып жүр ақсақал.
Бәрі қызық бес жастағы өренге
Әр нәрсеге келе жатыр таң қалып.
Қарт кенеттен еңкейеді төменге
Жерде жатқан бір теңгені аңғарып.
«Ата, ол не ?»-деді бала қол созып
«Бір теңге ғой, түсіп қалған шығар да.»
«Бірақ қазір қалған жоқ па ол тозып ?
Сағыз тіпті келмейді ғой сұрарға.»
«Арманжан-ау, енді мені ал тыңда!
Бұл ақшаға бере алмаспын тәтті алып
Бірақ осы бір теңгенің артында
Елтаңбамыз жатпау керек тапталып !
Қымбат емес құны бізге тиынның,
Қымбат бізге оның қалай келгені.
Тәуелсіздік жолындағы қиын мұң-
Талай жанның Отан үшін өлгені...»
«Айтыңызшы, сонда не ол Елтаңба ?»-
Деп, жас бала атасына қарады.
«Жақсы сұрақ, бұл бетіңнен сен танба
Ақ немерем осы жолы жарады !
Елтаңбамыз – үш рәміздің біреуі,
Қалғандары- Көк байрақ пен Әнұран.
Олар барда еліміздің күйреуі
Мүмкін емес, біліп жүрші , бақ ұлан !»-
Деп, үйретіп жүргенінде ұлын шақ
Көкшіл туға көзі бірден түседі.
«Жақсы болды-ау, қуана бер, құлыншақ !
Атаң қандай аңғарымпаз кісі еді.
Әне, Арман анау туды көрдің бе ?»
«Иә, ата, аспан түстес төртбұрыш»
«Балам, қыран иесі ылғи төрдің де
Күн нұрында жатыр елдік көп ырыс.
Ашық көк түс – еркіндіктің белгісі,
Ал өрнектер – қазағымның нақышы.
Ұлтын дәйім сүю керек ер кісі
Керек емес бізге Қытай, АҚШ-ы.
Әнұранға келер болсақ, ол өзің
Күнде ішіп тоймай жүрген сумен тең.
Ұмытпауың қажет оның бір сөзін,
Ал ұмытсаң, өзің ішкен умен тең.
Үш жақұтты білмей қалсаң кенеттен
Опасызсың, жатсаң-дағы ақталып.
Атаңның «Ел !»-деп, көз жұмғаны бейнеттен
Жүрегіңде тұрсын мәңгі сақталып !
Бұл рәміздер – Қазақстанның тірегі
Есте сақта, жадыңа қой желімдеп.
Сендей барлық жас өркеннің жүрегі
Соғу керек туған елім, жерім деп !
Қарыздармыз туған жерге мәңгіге
Тәуелсіз боп атқан ақ таң үшін»
«Ұқтым, ата, шырқап жүрем әнді де
Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым !!!»
Оразгул
Жарайсын! Сендей жастарымыз барда елимиз тек коркейеди! Канатын талмасын!!!
polatova
Рақмеет,үлкеен! ????????Еліміз жайнай берсін! !!
Камшат
Жарайсын оте кушти олен асерли адеми жазылган талабын орлей берсин!
polatova
Шынайы көңілігізге рақмет! ????????
Абилова
Жарайсың! Тек биік шыңдардан көріне бер)
Жанар
Сіздей тұлғаларға тек табыс тілегім келеді! Бұндай патриоттық сезімді оятатын өлеңдеріміз көбейе берсін! Рақмет сізге!
Бекжанова Малика
Оте тамаша дуние, жарайсын Айнур!! Тек кана алга, сенен тагы да керемет олендер кутемиз!
Айнура
Ізгі тілектеріңізге рақмеет!
polatova
Ізгі тілектеріңізге рақмеет! ! !
Asemai
Айнура жарайсың. Осындай жастайынан елін, жерін сүйетін ұл қыздарымыз барда, Қазақ елі өлмек емес
Айнура
Асемай, рақмеет үлкеен үлкен!
Алина
Керемет! жарайсын! Тек кана алга!
Ерсұлтан
Орақ тілді, от ауыз ақынның өсіп келе жатқанына шүбә келтірмеймін
Айнура
Рақмеет үлкеен үлкеен, Ерсұлтан! сеніміңізді ақтауға тырысамын!