Бұл бетте «Бөрі мен бөлтірік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бөлтірігін Бөрі ептеп оқытып,
Айтып ата кәсібін,
Көзбен көріп қайтсын деп өз нәсібін,
Жіберді оны қыр астына шоқытып.
Бір бақыт тап болар ма:
Есебінен малшының.
Әлде таңғы талшығын,
Әлде түскі ас табар да!
Бөлтірігі оралып,
Деді аптыға: «Жылдамырақ бар
Түскі ас дайын, кезікпейді мұндай боп,
Қыр астында, ол анық.
Семіз қойлар жайылып жүр пырдай боп.
Бар да көр,
Шеттерінен тарта бер,
Қойлар көп-ақ, қалағаныңды ал да кел».
Деді Бөрі: «Жайлап көңіл бөлейік,
Отардағы шопанын да көрейік»
«Ел айтса да мықты деп
Әрі ақылды, іске берік тіпті деп
Сол отардан мән-жағдайды ұқтым көп.
Иттерін де байқап қалдым айнала,
Шеттерінен арық екен жай ғана».
«Елдің сөзін ескеріп, –
Деді Бөрі, – тұрғаным ғой сескеніп.
Жақсы малшы үнемі
Қандай иттер ұстайтынын біледі.
Қырсық шалар, бармайық,
Бері жүргін, басқа отарды таңдайық.
Жайлап жүріп, жан бақпасақ болмайды:
Ақымақ қойшы тапқанымыз мақұл-ақ,
Болса қойшы ақымақ,
Ол ұстаған иттер-дағы оңбайды».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі