Көпірде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көпірде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1262
Дәл көпірдің үстінде
Бала аюлар жолықты.
Бұрын өтер күш кімде?
Сынамақшы болыпты.
«Сенен бұрын өтем!» – деп,
Екеуі кеп тіресті.
«Менің белім бекем!» – деп,
Екеуі кеп сіресті.
Екеуі де бір кезде
Суға барып құлады.
Келіспесең бір сөзге,
Осылай боп тынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері