Демалыс күні – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Демалыс күні» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1090
Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.
Таңертеңнен базарлап,
Мен ғой –
Азық iздейтiн.
Қызым –
Үйде тазалап,
Мамасы –
Ас iстейтiн.
Ұлдың –
айтсам жұмысын,
Əдетiнше талайғы,
Отырып ап күн ұзын
Телевизор қарайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері