Орта бойлым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Орта бойлым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1969
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Қаңбақ ұшар даланың желіменен,
Мұз көшеді өзеннің сеңіменен.
Торғай жолдас тотыға бола алмайды,
Ойнағаны жарасар өз теңімен.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Мойыныңа жарасқан ақ меруерт,
Ойнамасаң, күлмесең, тарқай ма дерт.
Өзің теңдес ұнатсаң бір құрбыңды,
Алысқан қол, айтқан сөз—сертіңе жет.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орта бойлым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Орта бойлым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орта бойлым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орта бойлым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері