Сүйген болсаң, сағынарсың – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сүйген болсаң, сағынарсың» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2773
Әлі есімде көк елестер,
Көк белестер көзге елестер.
Серуен құрған,егін орған,
Қызу күндер қызық кештер.

Көз алдымда көл айдыны,
Суға төнген тал қайыны.
Сырласым деп құрдасым деп,
Сәлем жазсаң бар ма айыбы?

Қаракөзім-қарлығашым,
Менен бұрын әнім барсын
Сенген болсан, сүйген болсаң,
Сағынарсың, сарғаярсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері