Өлең, жыр, ақындар

Киев жырларынан

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1270
Бірінші жыр

Тан, қалдым міне бір көріп,
Тағдырың маған тым жақын.
Тар кезең өтті, төбеңде
Тамылжып туды күн жарқын
Таласа кіргем талай мен,
Жауыңа оқпен тіл қатып.
Сан жорықтар еткізгем
Тар қақпаңда түн қатып.
Көшенде өтті қан майдан,
Куә оған жас пен көріңіз.
Күбірлеп сөйлер кім қалды?
Күресте болдық бәріміз.
Балам деп сонда сен құштың
Бауырың ыстық, көзің жас.
Басымды тіге ант еттім,
Бағына апа-қарындас.
Туысқан қала, туған жер,
Топырағың сүйген сан қазақ.
Толғана өткен сол күндер
Түнеріп ажал тұрған шақ.
Тоспаған кім бар маңдайын
Кен байтақ совет елінде.
Бойыма біткен ар дайын,
Қымбаттым енді менің де.
Тағы да келдім оралып,
Тамаша жеңіс күнінде.
Тойлайық бірге ән салып,
Күлімде, достар, күлімде!
Айрылмас достық ақ ниет,
Куәсі — құрбан көп сандық.
Куәсі — өшпес далаңда
Қаныма шыққан қызғалдақ.

Екінші жыр

Көкірегімді оқ тескенде,
Маңдайым саған тиген жер,
Талықсып үнім өшкенде,
Өзегім деп сүйген жер.
Шалың әкем болған жер,
Бейнетіме көнген жер.
Кемпірің анам болған жер,
Көбіңнен құрмет көрген жер.
Тамшылап қаным ақ қан жер,
Тар кезеңде жау қамап.
Қайғыма бірге батқан жер,
Тағдырымды арқалап..,
Кегімді менің алған жер,
Кескілескен жауды атып,
Бақытқа мені малған жер,
Кеудемде жалын лаулатып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Доспен сырласу

  • 0
  • 0

Өтер күн, сағымдайын өтер жылдар,
Қартаяр сансыз адам өмір зырлар,
Сенімен біз жайлаған Көкше сырын
Жыр етер сұңқылдаған талай ділмар.

Толық

Метро

  • 0
  • 0

Жер асты сәнді, сұлу, сансыз жұлдыз,
(Секілді жарқырайды түні - күндіз)
Гранитпен мың құбылған қабырғасы,
Бір сарай таңғажайып, бір сұлу қыз...

Толық

Шың мен адам

  • 0
  • 0

Тоғайда шың, тау да шың
Жаңғырады күндіз, түн...
Тоқтамайды, тынбайды,
Тек сол әнмен жырлайды.

Толық

Қарап көріңіз