Әсел – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әсел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3951
Самалы жұпар жазғы бір кеште
Ойласам болды Ыстықкөл жақты
Айтылған сырлар түседі еске
Оятқан сонда ақ махаббатты

Қайырмасы:
Тулайды жүрек
Толқындай шалқып
Аңсайды жүрек
Өзіңе тартып
Сағынтқан әнім
Әселім, жаным
Сағынтқан әнім
Әселім, жаным

Тағдырмен қатал ойнатқан сонда
Қайдасың менің армансыз күнім
Бақ құсы едің, қонбадың қолға
Қапыда қалдым зар толып үнім

Қайырмасы.

Алыссың, жатсың білемін сәулем
Тағдырға нала не керек айтып
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен
Әселім, сірә, келер ме қайтып


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері