Әпитөк

Бұл бетте «Әпитөк» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6995
Көрдім де болдым құмар, сәулем, саған,
Күн туса дидарласар есен-аман, Әпитөк.
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма?
Тілекке жететұғын болса заман, Әпитөк!

Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.

Ей, сәулем, хат жазамын, сені ойлай,
Жүректі булықтырған толқын болмай, Әпитөк.
Дертімді жазып-жазбау өз қолыңда,
Ой билеп тына алмайды ерікке қоймай, Әпитөк.

Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.

Ей, қалқа, ғашық болдым мен өзіңе,
Дөңгелек қарақаттай қос көзіңе, Әпитөк.
Қырмызы қызыл жібек сияқтанған,
Сыпайы қалам тартқан мінезіңе, Әпитөк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпитөк өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әпитөк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпитөк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпитөк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері