Әмірдің әні – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әмірдің әні» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1801
Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Жүйіткиді теңізшілер желкенменен.
Кетпейді тұрсам – ойдан, жатсам – түстен,
Жастағы өткізген күн еркемменен.

Су ағар ескі арықтан ылайланып,
Оңаша сырласайық былай барып.
Болғанда сіз – қызыл гүл, мен – көбелек
Маңында ұшып жүрген шыр айналып.

Мінемін той дегенде күреңімді,
Шаншимын күресінге күрегімді.
Шын көңіл, шыныменен менде болса,
Тигізші жүрегіме жүрегіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері