Мөлдір моншақтар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мөлдір моншақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5930
Әнін жазған Марат Омаров

Таң атады жаңа,
Мөп-мөлдір моншағын таға.
Таң атады жаңа,
Жайнайды жауқазын дала.
Көк төсінен құйылған
Мөлдір береке,
Жан тербеген сұлу ән
Ол бір мереке.

Қайырмасы:
Мөлдір моншақтар,
Ләззәт моншақтар.
Шіркін, есте мәңгі қалар ма,
Көктем жанарға
От боп қонар ма,
Махаббат мейір қанар ма.

Уа, махаббат мөлдір,
Ынтызар жүректің нәрі.
Уа, махаббат сен бір
Өмірдің өшпейтін сәні,
Тамшы болып тамасың
Бірде аспаннан.
Кәусар болып ағасың
Бірде бастаудан.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері