Алматы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6938
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Әлемге мынау қарашы,
Тәңірдің сыйы санашы.
Бар екен, сірә, қай елдің,
Алуан гүлді,
Алматы сынды қаласы?
Әншілер құптап, құндаған,
Әндерін әлем тыңдаған.
Қаланың көркем келбетін
Ғалымдар бастап,
Ақындар асқақ жырлаған.

Қайырмасы:
Алматы – жарқын нұр қала,
Алматы – балғын гүл қала.
Аялап тұрған Алатау,
Алматы сәнді,
Алматы – мәңгі жыр қала.

Алматы – ғылым есігі,
Алматы – өнер бесігі.
Әлемге аян апорты,
Жағымды жанға,
Алматы – алма есімі.
Алматы – жұмақ жұпарың,
Жұтасың қанбай құмарың.
Алыстап кетсең сәл ғана,
Сағыныш артар,
Алматы – алқа, тұмарың.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері