Бұл бетте «Достарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Серік Сыздықов
Дөңгелек шексіз ғалам бар,
Өтсе де қанша замандар,
Достық құшағын ашады
Біріне бірі адамдар.
Достарым – ай күнім,
Арайлы айдыным.
Сендерсің сарқылмас
Береке, байлығым.
Жетсе де жылжып жыл басқа,
Достардың жөні бір басқа.
Сағынысып көргенде,
Кұшағын жайып тұрмас па?
Достарым, біргеміз,
Бөлінбес іргеміз
Арманмен, қиялмен
Қол создық күнге біз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі