Әмірхан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әмірхан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2233
Әмірхан, неғып жүрсің қойың жаймай,
Мен жүрмін қайын атаның көңілін қимай.
Он аяқ, отыз мысқал көжеңді ішіп,
Жатасың кең төсекке кеудең сыймай.

[Қайырмасы]
Айқай, дүние-ай,
Қайран күнім-ай,
Ахау, қор болдым,
Қосыла алмай
Өз теңіме-ай.

Болғанда атым Ажар, сіңілім Ғайша,
Аяқты мен басамын жорға тайша.
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы,
Әмірхан қойдан келіп байпақ жайса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері