Ой, сәулем – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ой, сәулем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2256
Айналайын, қарағым, құлыным-ай, ау,
Бауырыңда көп жаттым тығылып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Шыныменен шын көңіл маған берсең, ей,
Берсей шекер қолыңнан омырып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Бешпентім бар үстімде, ей тайға алғандай,
Кәдірім бар сәулеме ойға алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, ай,
Менің сәулем болады бәйге алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері