Тəуелсіздік шежіресі
Арғы тегім жаралған Ғұн- сақтардан,
Тоныкөк- Күлтегінмен мың мақтанам,
Италияны жаулаған Еділ бабам,
Солардан қазақ деген ұрпақ қалған.
Алаш деген ұлы атқа ие есімім,
Ұлан- байтақ даланың киесімін,
Ата- бабам қалдырған аманаттың,
Мұрагері мен болам иесінің,
Үш жүзім, үш тұғырым тамырланған,
Көз сүрінер кең далам сағымданған,
Туған жердің бір уыс топырағын,
Қорғаймын деп қиғанды жанын бабам.
Есіңе ал Ақтабан шұбырынды,
Қарға қонып ластады тұғырымды,
Жоңғар шауып жерімді жаулағанда,
Қыздарды күң қылды ғой, құл ұлыңды.
Атып тастап алаштың қаймақтарын,
Жат келді бұлағымның лайлап бəрін,
Еске түссе есемнің кеткендері,
Елім үшін тұрады қайнап қаным.
Желтоқсан- 86 азап таңы,
Бұл да бір нəубет еді қазақтағы,
Халқы үшін құрбан болған боздақтарым,
Сыпатай, Ербол, Қайрат, Лəззаттарым.
Аштық, соғыс, зұламатты көрген елім,
Қурап барып, қайтадан өнген едің,
Тəуелсіздік тəттім ең тамсандырған,
Дүниеде қақың бар төрде сенің.
Мен кім едім кешегі бодандықта,
Құлдық деген сананы содан ұққам,
Мен бүгінде азатпын, азаматпын,
Салт- дəстүр, тіл мен дінге оралдықта.
Елім- ай деп зарлаған азалы үнді,
Терең тарих ұмытпас азабыңды,
Терезені тең ұстап тұрмыз бүгін,
Төрткүл дүние таниды қазағымды.
Азаттығым мəңгілік болсын елім,
Береке мен бірлікке толсын жерім,
Бабаларым аңсаған Тəуелсіздік,
Басымызға бақыт боп қонсын елім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі