Асқар шың ана сынды шынар үшін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Асқар шың ана сынды шынар үшін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған ана туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Асқар шың ана сынды шынар үшін,
Шынарға бұрып ылғи тұрады ішім.
Күшім жоқ кері қарай ағызуға
Өмірдің жал-жоталы ұлы ағысын.
Ұлы ағыс, тоқтамайтын ұлы уақыт,
Өтер жер дөңгелегін зырылдатып.
Бетіне көбік болып бірі шықса,
Түбіне кететіндей бірі батып.
Қыз Жібек! Айтып тұрған ария күн,
Аузына шуақ іліп әр ұяның.
Бәрі де белгісіз боп кетер ме екен,
Ішіне батып өмір дарияның.
Түсірмес көлеңкесін күлкіме кеш,
Құрса да, қайшылықпен күн-түн егес.
Осынау тірліктен бір із қалмай,
Өтуім мына өмірден мүмкін емес...
Қайтемін, қабағыма қайғы алып құр,
Қайратқа арман шықса қайралып бір.
Таралып ыстық қаны қара жердің,
Талдардың тамырында айналып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері