Өлең, жыр, ақындар

Қайтемін

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 279
Ойда жоқта мен сені сүйіп қалдым, қайтемін,
Жоқ бұрынғы мінезім, тұйықталдым, қайтемін?
Жалын атып жаныма, бір қараған сондағы
Көздеріңнің отына күйіп қалдым, қайтемін?
Ашық күнім кірпігін мұңға малдың, қайтемін,
Есім кетіп тағы да «жынданармын», қайтемін?
Асықпастан ақырын айлаңды бар асырып,
Тыныштығын жанымның ұрлап алдың, қайтемін?
Тағдыр сені тек маған жаратқандай, қайтемін,
Ақ жүзіңнен алаулап таң атқандай, қайтемін?
Өзің жайлы отты үміт, қиялменен бойдағы
Күш дәрменім сарқылып бара жатқандай, қайтемін?
Сені көріп өмірім жалындаса, қайтемін,
Сенен жақын жаныма табылмаса, қайтемін?
Қаяудағы асаудай аласұра жұлқынып,
Өз жүрегім өзіме бағынбаса, қайтемін?
Қабағымнан барлығын біліп алдың, қайтемін,
Күйіп-жанып ішімнен суынармын, қайтемін.
Қайда барып құтылам мен өзіңнен, күнім-ау,
Көздеріме елестеп тұрып алдың, қайтемін?
Бәйтерегім, басқаны бақытты етсең, қайтемін,
Асылыңды арзанға сатып кетсең, қайтемін?
Жігіт-арман жеткізбей, жарқырап бір жұлдыздай
Көңілімнің көгіне батып кетсең, қайтемін?
Көктем өтті, көңілсіз күз боламын, қайтемін,
Өзгелерден өзгеше қызғанамын, қайтемін.
Ораларсың айналып шырқаулардан шыныға,
Күтейін бе мен сені, мұзбалағым, қайтемін?
Өзің жайлы бұлты мың тілімдесе, қайтемін,
Түндер бойы кірпігім ілінбесе, қайтемін?
Ұмытайын десем де, ұшырасып қалсаң сен,
Тоқ соққандай тұлабой дірілдесе, қайтемін?
Қайтсем, ғашық болмаймын, маған соның айт емін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ас беріп жатыр

  • 0
  • 0

Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,

Толық

Асқар шың ана сынды шынар үшін

  • 0
  • 0

Асқар шың ана сынды шынар үшін,
Шынарға бұрып ылғи тұрады ішім.
Күшім жоқ кері қарай ағызуға
Өмірдің жал-жоталы ұлы ағысын.

Толық

Елерсің... мүмкін тіпті елемссің

  • 0
  • 0

Елерсің... мүмкін тіпті елемссің,
Күн сайын іштей түлеп, келеді өскім.
Шырқап бір ұшам десем, аспаным бар,
Шет-шегі дүниенің Сен емессің.

Толық

Қарап көріңіз