Отан - анам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Отан - анам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған ана туралы өлең берілген.

Туған елім Отан анам,
Мен өзіңнен батаны алам.
Бізге сені кеткен екен,
Аманат қып ата-бабам.

Қайырмасы:
Далам, бабам жырлағаным,
Нұрлы таңдай нұрланамын
Ана сүтін ақтап өтер,
Елге лайық ұл боламын
Жер жүрегі тыңдағаным
Болаттай боп шыңдаламын
Елім ертең мақтан етер,
Ұл боламын, күн боламын.

Туған елім, Отан әнім,
Көзіндейсің ата-ананың
Алып ұшқан, сағыныштан,
Шөлдеп қанша қаталадым?...

Қайырмасы

Сенім артқан Отан арым,
Отанымнан от аламын.
Жер ананы қорға деп тұр
Батыр бабам, аталарым.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері