Өлең, жыр, ақындар

Жанып өткім келеді

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 261
Асқар таудай өзімді асқақ еткім келеді,
Қарсыласқан жауымды жасқап өткім келеді.
Жалғандықтың барлығын тастап кеткім келеді,
Жаңа өмірді қайтадан бастап кеткім келеді.
Аласармай арманды аспан еткім келеді,
Өмірімді бітпеген дастан еткім келеді.
Арсызды жұрт алдында масқара еткім келеді,
Жақсылардың жүрегін баспана еткім келеді.
Толқынындай теңіздің тулап өткім келеді,
Екпінімен бөгетті турап өткім келеді.
Биіктерден өзімді шыңдап өткім келеді,
Үнсіз өтпей өмірден жырлап өткім келеді.
Жансам деген жалынды үрлеп өткім келеді,
Жан бармаған жапанға гүлдер еккім келеді.
Бір басымды бәріне міндетті еткім келеді,
Бұл ғасырды ғасырға құрметті еткім келеді.
Бүгінімді ертеңге жалғап өткім келеді,
Қыран болып аспанға самғап өткім келеді.
Өмірімді өмірге арнап өткім келеді,
Өлмейтұғын өмірді арман еткім келеді.
Батар кешті батырмай ақ таң еткім келеді,
Бар досымның ерлігін мақтан еткім келеді.
Жүрегімді жұлып ап шақпақ еткім келеді,
Өмірімді бар өлімнен сақтап өткім келеді.
Әділеттің жолдарын жақтап өткім келеді,
Кір түсірмей арымды аппақ еткім келеді.
Дұшпанымның басынан аттап өткім келеді,
Жатып алса жолыма, таптап өткім келеді.
Болашақтың көпірін салып өткім келеді,
Сол көпірмен бүгінді алып өткім келеді.
Құйрықты бір жұлдыздай ағып өткім келеді,
Жастығымда жалындап, жанып өткім келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың туралы ой

  • 0
  • 0

Төбеңді таңда ертемен сүйіпті күн,
Кеудеңнен бұлттар тұр иіп бүгін.
Басыңда бала қыран айналады,
Қайсарлықтың паш етіп биіктігін.

Толық

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген

  • 0
  • 0

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген,
Бір жарқыл бұл, көзімнен көрінбеген.
Бір гүлін көңілімнің келдім сақтап,
Жолықпай жүрген жанға өмірде мен.

Толық

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін

  • 0
  • 0

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін,
Өзіңдегі өмірді көксердеймін.
Жер бетінен аспанға бу боп ұшып,
Жер бетіне су болып жетсем деймін.

Толық

Қарап көріңіз