Көктем менің көкірегімде көктеген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көктем менің көкірегімде көктеген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Көктем менің көкірегімде көктеген,
Жапырақтарын жерге қанша төкті емен.
Жанымның бар жырға төгіп шуағын.
Мен өзімді сүйікті етсем деп келем.
Табиғаттың өлмесіне сенемін.
Сенімменен сүйіп өтем сен елім.
Қылыш ұстап шықса өзгенің өлеңі,
Гүл көтеріп шығар менің өлеңім.
Баяулар ма, беті қайтып арыным,
Арыныма тұзақ құрар тар ұғым.
Толқытып бір жан-жүректі жаулайтын,
Махаббатым болар менің қаруым.
Ауырлайды жер бетіне түскен жүк,
Азап емес, бақыттан аз түс көрдік.
Бір күндері бұйрықсыз-ақ, оқсыз-ақ –
Жүректерге етеді жыр үстемдік...
Болар менің жыр ауруым, жыр емім,
Жырсыз, сырсыз қалай өмір сүремін?.
Адамдардың жан-сезімін жаулайды,
Мейіріммен менің ана жүрегім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері