Әже мен әжім – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Әже мен әжім» атты Баянғали Әлімжанов жазған әже туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2759
Әжеде әжім,
Болғаны ләзім,
Көзінде көктем,
Көңілде жазың!
Әжімді жүзің,
Жемісті күзің,
Өшіре көрме,
Өмірдің ізін!
Жеміс жеп күзден,
Жүзге жет бізбен,
Төгіліп нұрың,
Әжімді жүзден!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері