Түн басқан таудың жұмбағы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Түн басқан таудың жұмбағы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1153
Гетенің жырын түн сүйген,
Көкейіне кім түйген?
Үйлесім тапса ізгі жыр,
Туады мың күй бір күйден.
Лермонтов, Гете, Абайдың,
Қараңғы түні, талайды,
Тұңғиық ойға батырып,
Серігі болған сан айдың.
Түнекті жарған жыр-ағын,
Ғаламға төкті шуағын,
Таба алмай, іздеп келеміз,
Түн басқан таудың жұмбағын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері