Бота көзді көлдерім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бота көзді көлдерім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жас кеттім, мен өзіңнен жалғыз кеттім,
Жаныма жарық болар таңды іздеппін.
Құлшынып, қия белде қиял қуып,
Кеудемнен қоңыр сазды әнді үзбеппін.

Қайырмасы:
Бота көзді көлдерім,
Боз жусанды белдерім,
Алыс-жақын жүрсем де, туған жер,
Аңсағаным сен менің.

Талпындым, өрге шықтым, құлдырадым,
Үйрендім ерке назды бұлбұл әнін.
Кеудемде күндіз-түні жырласын деп,
Таулардың құйып алдым мың бұлағын.

Қайырмасы:
Даламның араладым белесін көп,
Кеудемді қоңыр сазбен бөлесін деп.
Талпындым таудың биік қиялына
Туған жер мені жасық демесін деп.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері