Өлең, жыр, ақындар

Маңғыстау

  • 05.09.2018
  • 0
  • 1
  • 6940
Маңғыстау!!!
Сағынып сені келгенде
Сағыныш-қолын бергенде,
Шабыт моншағын тергенде
Өзің арнап ғапыл-жыр
Ғасыл-жүректен өргенде,
Ғазиз жандардың орнына
Алдымнан шықты бір үміт
Артынан еріп мың мұңы,
Кеуіп қалған тым ындыны
Жауымдай менің бірігіп,
Жеңілер одан бір демде
Болса да қанша ірі үміт.
Аңсап бір сені жеткенде
Өшің бар ма әлде тек менде?
Несіне маған түйілдің?
Ашу-толқынды үйірдің
Жағаңда жазған жырымды
Ақтарған әзиз сырымды
Лақтырып неге күйіндің?
Маңғыстау,
Айтшы қайғыңды?!
Білем дегенмен жай-күйді
Жаралып сенен өскен бір,
Топырағыңды кешкен мың
Күйкентайдай құсың ем,
Он жеті жаста ұшып ем,
Бір арманның соңында
Бағаңды сенің асырып,
Жоғыңды жым-жырт жасырып,
Жел-дауылдарда тоңдырып,
Жауын-қарларда домбығып,
Өзімді саған байлағам,
Өзіңсіз өлең, қайдағы ән?!
Маңғыстау!
Адайдың арқар даласы
Каспий құшағында қаласы,
Өрлігі асқан баласы
Ешкімнің жоқ таласы,
Бүгінгі қандай тірлігің?
Қайда кеткен бірлігің?!
Қол салған саған кемде-кем
Бір шаршы жерін бермеген
Қайран да, ата-бабалар,
Аруағыңа тиді кім?
Маңғыстау!
Бекеттің бақтай мекені
Қара алтынды сапырып,
Құштарлығы ақырып,
Ұлт пен ұлыс күн кешкен
Бірін-бірі шақырып.
Каспийдің анау шетінен
Иманы тамған бетінен
Дегенмен жұмбақ-тақырып.
Маңғыстау!
Ұқтыр халіңді?
Қинамай менің жанымды,
Азабыма қандың ба?
Ағызамын қанымды,
Сен үшін өртеп тәнімді.
Айтарым осы алдыңда.
Маңғыстау!
Сындардың тозағынан,
Жылдардың мазағынан
Аман қап келдім саған,
Ғұмырды бердің маған
О баста таза мұңнан.
Жолымды көрем сара,
Қолымда – өлең ғана.
Маңғыстау!
Мәңгі тау, менмен теңіз
Парызым өтелмеген,
Қарызым кетер ме екен?
Ақ сезім аңтарылған,
Қасірет қаңтарылған
Өзіңе ақтаруға
Өмірім жетер ме екен?
Қиқымдай бақ табуға.
Шер қала – шерім менің,
Ен дала – жерім керім.
Маңғыстау!
Шығар мұңыңды.
Кімдер ол алған тынымды?
Солайша құртқан құныңды.
Сен үшін көкті кеземін,
Жауыңды шоқпен еземін
Тек қана айтшы шыныңды?
Маңғыстау!!!



Пікірлер (1)

Ақмаржан

Маңғыстау өлеңін өте керемет екен мен жайттар алдым

Пікір қалдырыңыз

Көкте тәңір айналғандай сараңға

  • 0
  • 0

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сыйып.
Аппақ сезім лайланып харамға
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.

Толық

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды

  • 0
  • 0

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды,
Кешірдім менсіз жатқан түніңді де.
Несіне айта берем жанда мұңды?
Сен – мендік, мен – сендікпін бүгінгіде.

Толық

Жоқсың сен

  • 0
  • 0

Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен.
Бәлкім шын көксің сен.

Толық

Қарап көріңіз