Телпек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Телпек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1699
Көктем келді,
Жаз келді.
Көлге үйрек,
Қаз келді.
Дала жасыл
Болып тұр.
Қызғалдаққа
Толып тұр.
Қыран шарлап
Қиясын,
Құстар салды
Ұясын.
Шопан ата
Еріп жүр.
Түйелері
Өріп жүр.
Ашылды күн
Себелеп.
Жар салып жүр
Көбелек:
– Кел, Телпегім,
Телпегім!
Таратайын
Мен тегін.
Міне, мынау
Ақ телпек.
Шопандарға
Шақ телпек.
Тырна, саған
Сұр телпек.
Түйеге де
Бір телпек.
Үйрек, саған
Көк телпек.
Қозы, саған
Ақ телпек.
Болса-дағы
Көп телпек,
Қу түлкіге
Жоқ телпек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телпек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Телпек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телпек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телпек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері