Көшпелі құм – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көшпелі құм» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан
Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.
Жабайы жылқы ма екен
Жігіт желге
Жалынын сипатпай бір ала қашқан?1

Қашады ол қарғыс айтып тәңіріне,
Қашады ол безіп дауыл әмірінен...
Қашады ол
Көк өзенмен қуып ұстап,
Көгалдың тұсағанша тамырымен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Толғанай

Өте тамаша!Жақында Қадыр Мырза Əлидің жырларына жарысқа қатысамын!!

Айару

Қадыр Оқуларына қатысып обласқа өтіп конаевка баргалы жатырмын!

Осы автордың басқа өлеңдері