Жоғалдың қайда таңғы айым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жоғалдың қайда таңғы айым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Жоғалдың қайда таңғы айым,
Тартты екен сені думан қай?
Жазуға толып маңдайым,
Тағдырым тасқа туғандай.
Басылып қалды өр көңіл,
Жасырып «таңды» іштегі.
Өмірде сені көргенім,
Өңім бе, әлде түс пе еді?
Биігім тартас алас,
Келеді тәтті түс көргім.
Өтпелі сәтті оңаша,
Ойлаудан басқа не істермін?
Көктем еді, күз келді,
Өмірім өткен шөлге тең.
Жапырақ жауып іздерді,
Болмаған жолы мен бе екем?
Күйім бар, күйіп шерленген,
Шеріме жаңбыр өткінші ем.
Айым-ау аспан кеудемнен,
Адасып неге кеттің сен?
Жоғалдың қайда көктемім,
Оралмас қайтып бір күнің.
Жамайтын түрім жоқ менің,
Дүниенің жырмен жыртығын.
Қамайды түнді кірпігім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері