Алмашым – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Алмашым» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 1
  • 2398
(әні бар)

Жаз жайлаудай көңілімнің
Көркісің бе, Алмашым.
Гүл ашпаған өмірімнің,
Тасқындатқан арнасын.
Гүліндейсің көктеменің
Көркіңнен жыр арылмас.
Жанға сәуле төккен едің,
Арман құсы — қарындас.
Сеніменен арманым жоқ
Өтсем өмір жалғасын.
Аяулым боп, ардағым боп,
Қалшы дайым, Алмашым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Алмашым

Музыка

Осы автордың басқа өлеңдері