Жар назы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жар назы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1939
Дала жасыл, жаз-арман,
Ұйқыдан ерте оянып.
Шындар бұлттан тазарған,
Арайға түсі боялып.
Қой өрістеп барады,
Мөлдіреп шөпте таңғы шық.
Паңдана тұрып қарады,
Биік шыңдар ән құшып.
Ошақтан ұшты түтіндер,
Ілініп шәугім мосыға.
Демейді мені күтіңдер,
Келеді шопан қосына.
Отырар жары ұсынып
Күрең шәй құйған кесені.
Жымияр ұяң қысылып,
Жоқ пандығы, кеселі.
Ойын-күлкі, базына,
Табылар қызық осынан.
Тоя алмай жардың назына,
Аттанар жігіт қосынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері