Қауқарсыздық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қауқарсыздық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 802
Мына жақтан
Алба-жұлба боп
Біреу келді.
Ана жақтан
Алау-далау боп
Біреу келді.
Біліп тұрмын
Мені пана,
Тіреу көрді.
Оларға
Қол ұшын
Бере алмағаныма —
Қайтейін! —
Өкінемін.
Өйткені өзім —
Сол бір сәтте
Маң далаға
Қаңғып кетерімді білмей,
Я болмаса
Жартастан шыңырауға
Қарғып кетерімді білмей
Отыр едім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері