Күзгі дала аспаны
- 0
- 1
Бұл күн де өтті,
Алаңдатып, әр қадамын санатып,
Дыбыс шықса жуық маңнан
Өзіне жалт қаратып.
Бұл бетте «Құмдағы қызғалдақ» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл күн де өтті,
Алаңдатып, әр қадамын санатып,
Дыбыс шықса жуық маңнан
Өзіне жалт қаратып.
Дейді маған дәрігерім, қозғалма,
Бірақ ақын ойланбайтын, кез бар ма.
Ақ палата ішіндегі тірлікпен,
Тағы да бір қимас күнім озды алға.
Маңай жым-жырт кешкілік,
Бұлттар — кеме көктегі.
Жатты бір ән естіліп,
Қоңыр үйден шеттегі.
Осынау жақтың күні ұдайы тұнжырап,
Жадырамай, бұлты неге түр жылап.
Менің дағы қақ айырып кеудемді,
Жарға соғып толқындайды бір бұлақ.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі