Жауынды көктем – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жауынды көктем» атты Марфуға Айтқожина жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1871
Осынау жақтың күні ұдайы тұнжырап,
Жадырамай, бұлты неге түр жылап.
Менің дағы қақ айырып кеудемді,
Жарға соғып толқындайды бір бұлақ.
Көрінбеді күннің көзі шығандап,
Орман үсті бұйығады тұмандап.
Менің дағы сағынышымның көлінен,
Жалғыз аққу ұшып кетті сылаңдап...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері