Жапырақтар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жапырақтар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2019
  • 0
  • 0
  • 1777
Жапырақтар тоңады,
Сарғаяды, оңады,
Өткен сайын әр күнім
Жұқартады,
Менің де
Төзімімді жонады.
Жапырақтар сыңсиды,
Баяулайды, тыншиды.
Түн жайласа маңайды
Қытымыр ой —
Жүректі
Жұлмалайды, шымшиды.
Жапырақтар жылайды,
Жапырақтар жырлайды
Жырлайды да жастықтың,
Ала беріп
Көзіңді,
Қимас күнін ұрлайды.
Үрей билеп жас талды,
Әлденеден жасқанды.
Иықтары дірілдеп
Тәңірім-ау,
Жапырақтан
Жас тамды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері