Ана

Бұл бетте «Ана» атты Аружан Срайл жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2017
  • 0
  • 1
  • 7872
Өмірімнің есігін ашқан Ана,
Жүрегіме жылуын шашқан Ана.
Тәй-тәй басқан қадамымды санап тұрып,
Кең құшағын маған қарай ашқан Ана.

Асыл Ана, аяулы Ана, қымбаттым,
Бір өзіңе үнсіз ғана тіл қаттым.
Жылағанда жылы сөзбен жұбаттың,
Жырға қосып мен өзіңді жырлаппын.

Жәннат ананың аяғының астында,
Бар жылуын шуақ қылып шаштың да.
Ардақтымсың, аяулымсың Анашым,
Құшақ ашып бауырыңа бастың да.

Асыл Ана, ардақты Ана, жан Ана,
Сүйенішім алдымдағы сен ғана.
Баға жетпес байлығым да өзіңсің,
Бақытымсың өмірдегі сен дара.

Биіктесің, қымбаттымсың Анашым,
Сен мен үшін арқа сүйер панамсың.
Әрбір сөзің ұлағатты данасың,
Құрметтесін барлық адам Анасын.


Пікірлер (1)

Назым

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Аружан Срайл — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер