Бұл бетте «Ән еді ғой ұмытқан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маңай жым-жырт кешкілік,
Бұлттар — кеме көктегі.
Жатты бір ән естіліп,
Қоңыр үйден шеттегі.
Жайылды бойға шымырлап,
Ән күлетін сияқты.
Біресе баяу сыбырлап,
Біресе төгіп шуақты.
Кезгендей бейне тау шыңын,
Жұтқандай болам тұнықтан.
Әсерлісі–ай даусының,
Ән еді ғой ұмытқан.
Өткен талай жүдеп күн,
Жылдар төгіп ызғарын.
Көміп кеткен жүректің,
Шуақ сүйген құздарын.
Түсіріп еске өткенді,
Елтимін әнге қайтадан.
Суырып қос өкпемді,
Өкінішін айтады ән...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі