Өткен күн мен келер күн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өткен күн мен келер күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1015
Елімнің
Өткен күндеріне
Көз салсам —
Жою мен қырғын,
Ату мен асу,
Қуғын мен сүргін.
Сол бір
Қатыгез
Өткен күндерден
Жаралы ем.
Солардан безініп
Келер күндерге
Қарап ем.
Тарс бекітулі
Келер күндердің
Қақпасы алдында
Бәрінен күдер үзіп
Әбден азып – тозған
Бейшара Үмітім
Жадап-жүдеп отыр.
Қанаты қырқылып
Сорлап қалған Арманым —
Қайыршыдай! —
Өткен-кеткеннен
Қайыр-садақа
Тілеп отыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері